Еліміздің агроөнеркәсіптік кешенін дамыту траекториясы АӨК-ті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында нақты көрсетілген. Цифрлы технологиялар алдында қабылданған жоспарларға серпін мен жаңа мүмкіндіктер бере отырып, бұрын өте консервативті болып көрінетін салаға да заманауи динамика енгізеді. Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жақында Қазақстан халқына арнаған Жолдауында ел алдына қойылған мәселелер туралы айтқанда АӨК-ке қатысты «серпіліс» динамикалық терминін қолданғаны кездейсоқ емес.
G M T Определить языкАзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский АзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский Звуковая функция ограничена 200 символами Настройки : История : Обратная связь : Donate ЗакрытьЕлбасы сандық қана емес, сондай-ақ сапалы өзгерістерді де меңзеп, «ақылды технологиялар» – бұл АӨК-ті дамытуда серпіліс жасау үшін мүмкіндік» деп санайды. «Шикізатты қайта өңдеуді қамтамасыз етіп, әлемдік нарықтарға жоғары сапалы дайын өніммен шығуымыз қажет. Бұл мәселені шешуге барлық аграрлық кешеннің түбегейлі бет бұруы маңызды», деп атап өтті Мемлекет басшысы. Бұл ауылшаруашылық өндірісінің әрбір сегментінде бүкіл жұмыс кезеңі бойы аграрлық ғылымды дамытуды, жаңа технологияларды трансферттеумен және оларды отандық жағдайға бейімдеуді, «ақылды технологиялар» арқылы өнімділікті бірнеше есе арттыруды білдіретін кешенді мәселе.
«Ақылды технологиялар» – аясы тар мақсат емес, практикада сауатты, шебер қолдануға болатын тиімді құрал. Нәтижесінде АӨК еңбек өнімділігін және қайта өңделген ауылшаруашылық өнімінің экспортын бес жыл ішінде кем дегенде 2,5 есеге арттыру үшін аграршыларға мүмкіндік беруге тиіс. Яғни Жолдауда қойылған мақсаттарға жетуге жол ашылады.
Атадан балаға қалдырылып отырған жер-анаға деген махаббат «цифрлық рухты» сіңірген, сондықтан да «ақылды технологияларға» қазіргі шаруашылықтың шамасы жете ме? Толық сеніммен – «иә» деп айта аламын! Астанада өткен ЭКСПО көрмесі бізге болашақ – бұл шынайылық екенін көрсетті. ЭКСПО аясында Ұлттық инженерлік академияның ұйымдастыруымен өткен, өзім қатысқан инженерлер мен ғалымдардың Дүниежүзілік конгресін ерекше атап өткім келеді. Конгреске Нобель сыйлығының лауреаттары, «Жаһандық энергия» халықаралық сыйлығының 18 лауреаты, энергетика, қоршаған ортаны қорғау министрлері, энергетика саласындағы 2000-нан астам ғалым, сарапшы қатысты. Мен, аграрлық ғылыммен айналысатын маман ретінде, осы саланың ғалымдарының ой-пікірлеріне қызығушылық таныттым. Әлемде қандай үрдістер бар? Біз қайда бет алып келеміз? 1000-нан астам баяндама тыңдалды. Аграрлық ғылым саласында Бразилия штатының министрі Жоао Карлос де Соуза Мейреллестің, Нобель сыйлығының лауреаты Риккардо Валентинидің, Таврия мемлекеттік агротехнологиялық университетінің, Киев политехникалық институтының бірқатар ғалымдардың және басқаларының баяндамалары тыңдалды. Нобель сыйлығының лауреаты бүгінгі таңда бүкіл әлемде тек аграрлық өнімдер секторы тұщы суды пайдаланудың жалпы көлемінің шамамен 80%-ын, энергияға жалпы сұраныстың 30%-ын және парниктік газдардың техногендік шығарындыларының 24%-ын құрайтынын атап өтті. Болашақта жаһандық азық-түлік өндіру 70%-ға артады, сектор ресурстардың теңдессіз қысымына және климаттық жүйелердің күшті ауытқуына тап болады деп күтілуде. Жаһандық аграрлық азық-түлік жүйелері, олардың болашақ ұрпаққа қолдау көрсету мүмкіндіктері туралы ойланатын кез келді.
Мемлекет басшысының идеясы – экономиканы цифрландыруға көшу және пәнаралық инновациялық орталықтар құру біздің болашақтың негізгі компоненті болып табылады. Қазақстанда аграрлық саладағы ғылым және бизнес үшін жаңа стратегиялық модель іске қосылады. Ал ғылым мен бизнесті жақындастыру үшін жаңа технологияларды коммерцияландыру кеңселері қажет. Инженерлік академияда осындай коммерцияландыру кеңсесі Инженерлік-технологиялық университеттің базасында әлдеқашан құрылған. Дәл осы кеңсе нарықтық және тұтынушылық сұранысқа бағытталған кабинеттік зерттеулерден қолданбалы зерттеулерге көшу үшін берік көпір құратын болады.
Біз цифрландырудың басқаруға көмектескенін, экономика және энергетика экологиялыққа айналғанын, ал жел мен күн шаруаның үйреншікті серіктеріне оның көмекшілеріне айналғанын көріп отырмыз. Шаруаның жаңартуға дайындығы туралы сұраққа өткен жылдың қорытындысы жауап бере алады. Ауылшаруашылық саласы бірте-бірте жаңа технологияларды игеруде. Өте маңызды жайт, менеджмент, кадр саясаты, сондай-ақ технологиялық жарақтандыру, егіншілік жағынан сапалы өзгеруде. Өткен жылдың қорытындысы бойынша республикамызда ауылшаруашылық жалпы өнімі шамамен 3%-ға өсіп, көлемі бойынша 4 трлн теңгеден асқанын естеріңізге сала кетейін. Өсу өсімдік шаруашылығында және мал шаруашылығында байқалды.
Біздің компанияның практикалық тәжірибесіне сүйене отырып, оның одан әрі өсу әлеуетін көріп отырмын, өйткені қазірдің өзінде бизнестің кезекті технологиялық баспалдағына өрлеуі нәтижелілікті арттыратынын білемін. 2014 жылы Мемлекет басшысы біздің көп салалы агрохолдингке келгенде оның жетістіктерін де атап өтіп, «Байсерке-Агро» ЖШС-сын Қазақстанда ауылшаруашылық секторларын дамытуға бағыт-бағдар береді деп атағанын еске түсіре отырып, мынадай параллельдерді жүргізіп көрейін. Біз осындай жоғары бағаны мақтан етеміз. Бірақ одан да маңыздысы, ол Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған инновациялық технологияларды қолдану, басқаруды жетілдіру бағытындағы біздің интуитивті қозғалысымыз болып табылады.
Президент өз назарын агробизнестің ғылыми құрамына аударған. Бірнеше жыл бұрын, ата-бабамыздан келе жатқан әдістермен үйреншікті қалыптан шыға алмайтынымызды түсінген серіктестік агроөнеркәсіптік секторды қолдау үшін Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институты және Қазақ ветеринария ҒЗИ-мен бірге құрылған Қазагроинновация мемлекеттік мекемесімен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Биылғы жылы Ұлттық инженерлік академиямен келісімге келді. Біздің ғылыми әріптестеріміздің арқасында өсімдіктерді қорғау, мал шаруашылығының өнімділігін сақтау және арттыру мәселелері жөнінде жаңа инновациялық әдістер мен технологияларға, заманауи зерттеулерге қол жеткіздік.
Ғалымдардың ұсыныстарына сүйеніп, бүкіл техника және құрылымдар паркін жаңғырттық, еңбекақы төлеу жүйесін, мотивация және мамандарды оқытуды ұйымдастыру бойынша жұмысты жақсарттық. Яғни өндірістік циклдың бірде-бір бөлшегін назарымыздан тыс қалдырмай кешенді қарастырдық. Бұл бізге ауылшаруашылық дақылдарын өңдеу, қайта өңдеуді қазіргі талапқа сай жаңарту, ауылшаруашылық өндірісінің және оның нәтижелілігін арттыру процестерін жақсартуға айтарлықтай септігін тигізді.
Кемінде екі жылдың ішінде қол жеткен нәтижелердің арқасында біздің холдинг Алматы облысының үздік ауылшаруашылық құралымына айналды, 2015 жылы шағын және орта ауылшаруашылық кәсіпорындарының ішінен Қазақстанның үздік компаниясы ретінде «Алтын Сапа» сыйлығына ие болды. Бірақ біз өзімізді дамытуды тоқтатқан емеспіз, сондықтан бүгінгі таңда үздіксіз білім, мамандықты жетілдіру тақырыптары компанияның барлық қызметкерлері үшін әдеттегі ахуалға айналды. Бізге оқыту семинарлары мен шеберлік-сабақтар ғана емес, кәсіби өсу әрбір қызметкер үшін басты ынталандырушы факторға айналғаны маңызды. Өзіміздің «Байсерке-Агро» оқу ғылыми-өндірістік орталығын құрдық, оның негізгі мақсаты – АӨК бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін білім беру, ғылым мен өндірістің өзара іс-қимыл инновациялық моделін қалыптастыру. Онда магистр-ғалымдар, PhD докторлар, профессор, академиктер жұмыс атқарады.
Біз паркті жаңартып, әлемнің үздік инновациялық технологияларын тарттық. Теңгерімінде 10 000 га егістік жер бар, оның 550 гектарында жерасты тамшылатып суару жүйесі қолданылады. Бұл жүгері, соя, жоңышқа, бидай, арпа және басқа да дақылдарды өсіру кезінде егін шаруашылығының көрсеткіштерін арттыруға мүмкіндік берді.
Отандық ғылыммен және шетелдік ғалымдармен ынтымақтастықтың арқасында «Байсерке-Агро» агрохолдингі қазірдің өзінде әлемдік деңгейде батыл бәсекелесуге болатын көрсеткіштерге қол жеткізгенін мақтан тұтамыз. Заманауи қайта өңдеуші кәсіпорны бар агрохолдинг жоғары сапалы сүт және сүт өнімдерін – айран, йогурт, қаймақ, сүзбе, ірімшіктің бірнеше түрін шығарды. Зауыттың қуаты – жылына 3 000 тонна өнім.
Өсірілген элиталы тұқымды малдың етінен холдинг өз ет комбинатында ысталған және жартылай ысталған шұжықтарды, шұжық және өзге де еттен жасалған жартылай фабрикаттарды өндіреді. Оның өнімділігі – жылына 1 250 мың тонна ет.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бастаған еліміз нақты экономикадағы біздің сектордың инвестициялық тартымдылығын көтеруге табанды түрде жұмыс істейді. Бұл жерде Қазақстан мен АҚШ арасындағы қарым-қатынастардың іскерлік белсенділігін жоғарылату үшін жаңа қадамға айналған, Н.Ә.Назарбаев атап айтқандай, стратегиялық сипатқа ие Мемлекет басшысының Америка Құрама Штаттарына жасаған сапарының маңызы зор.
АҚШ пен Қазақстан ауыл шаруашылығы саласында қарым-қатынастарды дамытудың маңыздылығын мойындайды және осы саладағы ынтымақтастықты кеңейтуді жалғастырады. Сапар қорытындылары бойынша елеулі инвестициялар және заманауи технологияларды, оның ішінде ауыл шаруашылығын трансферттеуді елімізге тартудың жаңа мүмкіндіктерін ашатын Қазақстан мен АҚШ арасындағы көптеген жаңа келісімшарттар жасалды.
Біздің агрохолдинг те тыс қалған жоқ, «Global Beef Investments» америкалық компаниясымен ынтымақтастық туралы шартқа отырды. Америкалық серіктестерімен бірге «Байсерке-Агро» Қазақстанда жоғары генетикалық малды өсіру технологиясы мен эмбриондар арқылы репродукцияларын енгізуді бастайды. Бұл үшін генетикалық зертханасы бар тұтас селекциялық орталық құрылады. Премьер-Министрдің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев осы жобаның келешегімен танысып, осы бағытқа толық қолдау көрсетуге тапсырма берді.
Менің ойымша, көптеген қазақстандық аграршылар үшін Мемлекет басшысының Жолдауында көрсетілген АӨК мақсаттары мен міндеттері тұжырымдалған жолдары нақты нұсқауға айналды. Бұл үшін қазақстандық аграршылардың құнды ресурстары бар, олар: жер, дәмді және пайдалы азық-түліктерді өндіруде ата-бабаларымыздың сан ғасырлық тәжірибесі, жас сана және өз ісінде үздік болу мақсаты.
Темірхан ДОСМҰХАМБЕТОВ,
Ұлттық инженерлік академияның инновация жөніндегі вице-президенті, «Байсерке-Агро» ЖШС басқарма төрағасы